12.07.2024 | 17:02

KAZAKHSTAN OPEN – 2024 ТУРНИРІНДЕ 800 СПОРТШЫ БАҚ СЫНАЙДЫ

Бүгін Астанада WKF каратэден Kazakhstan Open халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жарыс 14 маусымға дейін жалғасады. Аталаған турнир елімізде осымен жетінші рет өткізіліп отыр. Жарыс кумитэ және ката бөлімдері бойынша жасөспірімдер (12-13 жас), юниорлар (14-17 жас) жастар (18-20 жас) және ересектер (18 жас және одан жоғары) арасында өтіп жатыр.

Еліміздің намысын Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева, Азия ойындарының, Азия чемпионатының чемпиондары мен жүлдегерлері Қайсар Алпысбай, Нұрқанат Әжіқанов, Гүлмира Үсенова, Данияр Юлдашев, Абылай Төлтай және Әсел Қанай сынды спортшылар қорғайды.

Халықаралық турнирге 5 елден (Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Қазақстан) 700-800-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынап жатыр.

Жарысқа қазақстандық каратэшілер үшін рейтингтік турнир болып табылады. Жарыс қорытындысы бойынша жастар арасында тамыз айында Филиппинда өтетін Азия чемпионаты және қазан айында өтетін Әлем чемпионатына ұлттық құрама жасақталады.

Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес