12.08.2023 | 10:37

WTA – Жылдың матчы. Елена Рыбакина Монреальдағы турнирдің жартылай финалында

Бүгін Ұлттық құрама көшбасшысы, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина ресейлік Дарья Касаткинамен болған аса тартысты матчта жеңіске жетіп, Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Үш жарым сағатқа созылған ойынның есебі: 5-7, 7-5, 7-6 (10:8). Бұл екі теннисші арасындағы төртінші матч болды. Текетірестегі есеп 2-2. Дарья Касаткина қазір WTA рейтингінде жекелей сында 14-орында тұр.

Ойынның статистикасы:

 

Касаткина

Рыбакина

Эйстер

 0

 7

Доп беру кезіндегі қосарлы қате

 7

 7

Брейктер

 10

 10

Жеңіп алған ұпайлар саны

 147

 144

 

Елена Рыбакина – Дарья Касаткина арасындағы ойынның шолуы:

Отандасымыз үшін бұл осы маусымдағы бәсекелердегі 5-жартылай финал (WTA 1000 санатында төртеу және Australian Open-де). Қуанышымызға орай, Елена осы кездесулердің бәрінде жеңіске жетіп, ақтық сынға жолдама алған.

Қазақстандық келесі кезеңде тағы бір ресейлік Людмила Самсоновамен күш сынасады. Монреаль корттарындағы алғашқы ойында Рыбакина америкалық Дженнифер Брэдиді, сосын тағы бір америкалық Слоан Ственсті ұтқан.

Финалдың 2-жолдамасын бүгін түнде әлем рейтингінің көшбасшысы, поляк Ига Швентек пен америкалық Джессика Пегула (3-орын) сарапқа салады.

Канададағы WTA турнирінің жалпы жүлде қоры 2 788 468 АҚШ доллары. Жеңімпаз 454 500 долларға және рейтингте 900 ұпайға ие болады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес