13.09.2024 | 18:53

ЗАГРЕБ ГРАН-ПРИІНДЕ 3 ДЗЮДОШЫМЫЗ ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ

Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан дзюдодан Гран-при кезеңінде Ұлттық құраманың 3 спортшысы алтын медаль үшін күреседі, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Шерзод Довлатов (60 кг) жартылай финалда француз Энцо Джиннің жолын кессе, 66 кг дейінгі салмақтағы Жанарыс Рахметқали грузин палуаны Тенго Зиракашвилидің осал тұсын тапты.

Ал тағы бір көшбасшымыз Ғалия Тынбаева (48 кг) жартылай финалда Ребека Косжегиді (Мажарстан) ұтты. Енді ол Азия чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Кого Ваканамен (Жапония) күш сынасады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес