16.08.2023 | 18:54
Бөлісу:
Загребтегі Гран-приде күресетін қазақ дзюдошылары белгілі болды
18-20 тамыз аралығында Хорватия астанасы Загребте дзюдодан Гран-при бәсекесі өтеді, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Байрақты бәсекеге 85 елден 550-ге тарта татами шебері жиналады. Бұл қатарда Қазақстан құрамасы да бар. Ел намысын қорғайтын спортшылар:
Дамир Болатбеков (60 кг), Мерей Мархамбетов (60 кг), Есет Қуанов (66 кг), Айболат Ыстыбай (66 кг), Бақытжан Абдурахманов (73 кг), Дархан Қойбағар (73 кг), Айбар Мұқышев (81 кг), Ислам Бозбаев (100 кг), Бекзат Шағатаев (100 кг), Жамбыл Тұрғыналиев (+100 кг);
Әйелдер арасында тек Әбиба Абужақынова (48 кг) күреседі.
Әр жарыс күні белдесулер Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады. Жүлде үшін айқастар сағат 21:00-ге жоспарланған. Гран-при бәсекесін Халықаралық дзюдо федерациясының сайтынан тікелей эфирде көре аласыздар.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ
АҚТӨБЕДЕ ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ