02.12.2023 | 18:04
Бөлісу:
Таеквондошылар алғашқы жарыс күні 4 салмақтың үздігін анықтады
Астанада өтіп жатқан таеквондодан VI жазғы Спартакиаданың алғашқы жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жүлдегерлер:
46 кг
1. Рита Бакишева (Алматы қаласы)
2. Наргиз Қойшыбекова (Жамбыл облысы)
3. Аружан Қалжанова (Алматы облысы)
3. Нұрайым Еділбаев (Атырау облысы)
«Бүгінгі барлық жекпе-жегім қиын болды. Ешқайсын бөліп-жармаймын. Бапкеріммен жасаған жаттығулар өз жемісін берді. Спартакиаданың өтпегеніне біраз жыл болған. Жылды алтын медаль алып, жақсы қорытындылап жатқаныма қуанып тұрмын»,-деді Рита Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
73 кг:
1. Назым Махмұтова (Түркістан облысы)
2. Фируза Ергешова (Шымкент қаласы)
3. Бексұлу Көлбаева (Ақтөбе облысы)
3. Диана Абсенова (Атырау облысы)
«Әдеттегідей 2 кезең жаттығу өткізіп келдік. Спартакиадада мен салмақ қосып, 73 келіде қатыстым. Сол себепті оңай болған жоқ. Алда Қытайда болатын жарысқа қай салмақта баратыным белгісіз. Өзім 67 келіде барсам деймін. Нақтысын, бапкермен ақылдасып шешеміз»,-деді Назым Махмұтова.
Ерлер:
58 кг:
1. Елдос Ысқақ (Жамбыл облысы)
2. Тамерлан Тілеулес (Алматы қаласы)
3. Жавохирхон Исламов (Шымкент қаласы)
3. Асқар Өтеген (Түркістан облысы)
«Сәтін салып Спартакиадада жеңіске жеттім. Барлық қарсыласым жоғары деңгейде дайындалып келген. Ол айқын байқалып тұрды. Алдағы күндері тартысты жекпе-жектер көп болады деп ойлаймын. Жас спортшылардың құлшынысы көзге ұрып тұр»,-деп айтты марапаттау рәсімінен кейін Елдос Ысқақ.
74 кг:
1. Абдурахман Марипов (Шымкент қаласы)
2. Мақсат Орынбасар (Түркістан облысы)
3. Бексұлтан Сүндетбай (Алматы облысы)
3. Альтаир Өмірбеков (Жамбыл облысы)
Ертең таеквондошылар -54 кг, -80 кг, +87 кг (ерлер) және -49 кг, -57 кг, -67 кг салмақта күш сынасады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: