14.09.2022 | invalid
Бөлісу:
Жағажай волейболы: Таиландта Азия чемпионаты басталды
Бүгін Таиландтың Ройет қаласында әйелдер арасында жағажай волейболынан Азия чемпионаты басталды. Таңдаулы 32 жұптың арасында еліміздің 2 құрамасы да бар. Алина Раченко мен Анастасия Уколова жұбы А тобында Таиланд, Гонконг және Сингапур құрамасымен шеберлік байқасады. Ал Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко дуэті F тобында Аустралия, Гонконг және Ванака қыздарымен ойнайды.
Чемпионаттың алғашқы күні Алина Раченко мен Анастасия Уколова алғашқы ойында Гонконгты 2:1 есебімен жеңсе, Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко Ванакадан келген қарсыластарына есе жіберіп алды. Есеп 0:2. Айта кетейік, сары құрлық додасы 18 қыркүйекке дейін жалғасады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: