19.06.2023 | 11:54
Бөлісу:
Жазғы Азиаданың алауы тұтанды
Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясында орналасқан Дамодзяо тауында 19-шы жазғы Азия ойындарының алауы жағылды. Бұл жерде Қытай өркениетінің 5000 жыл тарихынан сыр шертетін Лянчжу ежелгі қаласы бар. Рәсім күн сәулесін пайдалана отырып, барлық дәстүрлі әдісті сақтай отырып өткізілді.
Енді алау шеруі қыркүйектің ортасында Ханчжоу қаласының Шиху көлінен бастау алып, сосын эстафета Чжэцзянның 11 қаласын шарлап шығады. Сонымен қатар «цифрлы алау эстафетасы» онлайн платформалар арқылы Қытайдың әртүрлі қалаларында және Азия елдерінде онлайн режимде ұйымдастырылады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: