20.07.2022 | invalid
Бөлісу:
Жеңіл атлетика: Надежда Дубовицкая 8-орын алды
АҚШ-тың Юджин штатында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін биікке секіруден финалда өнер көрсеткен Надежда Дубовицкая медальге қол жеткізе алмады. Қазақстандық атлет 196 сантиметрге секіріп, 8-сатыдан көрінді.
Жалпы Надежда Дубовицкая биікке секіруден әлем чемпионатының финалына шыққан 3-қазақстандық атлет. Бұған дейін тек Светлана Залевская (1999 ж) мен Марина Аитова (2007 ж) жүлде жолында шеберлік байқасқан.
Орегонда аустралиялық Элеонор Паттерсон чемпион атанса (2.02 м), украин Ярослава Махучих күміс (2.02 м), тәжірибелі итальян Елена Валлортигара (2.00 м) қола жүлдегер атанды.
Бұл бағдарламада жарысқа түскен тағы бір қазақстандық Кристина Овчинникова іріктеуден өте алмады (1.86 м).
Барлығы ақтық сында 12 спортшы бақ сынады.
Естеріңізге сала кетейік, Надежда мамырда осы Юджин қаласында өткен Гауһартас лигасының 3-ші кезеңінде қола медаль жеңіп алған еді (1.93 м).
Айта кетейік, Надежда былтыр 6-9 маусым аралығында Алматыда өткен ел чемпионатында 2 метр биіктікке секіріп, Азия рекордын тіркеді. Бұл Дубовицкаяның карьерасындағы ең жақсы нәтижесі. Ал оған дейінгі сары құрлықтың үздік нәтижесі тағы бір отандасымыз Марина Аитоваға (1,99 м, 2009 ж) тиесілі-тұғын.
«Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының серіктестері – «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен SportQory қамқоршылық қоры.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықДЕЙЗИ ДЖЕПКЕМЕЙ ФИНАЛДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ
НОРА ДЖЕРУТО ФИНАЛДА ҮЗДІК ОНДЫҚҚА КІРДІ