09.09.2022 | invalid
Бөлісу:
Жеңіл атлетика: Надежда Дубовицкая мен Дейзи Джепкемей Гауһартас лигасының финалына шықты
Швейцарияның Цюрих қаласында Гауһартас лигасының финалы өтті. Бұл сынға Қазақстан атынан қос спорты аттанған.
Әуелі биікке секіруден сынға түскен Надежда Дубовицкая финалда жүлдеден дәмелі болған. Алайда отандасымыз 1.91 метрге секіріп, 4-орыннан көрінді. Үшінші орын алған Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Никола Олислагерстың (Аустралия) үздік нәтижесі 1.94 метр. Бұл бағдарламада украин Ярослава Магучих топ жарды (2.04 метр).
Айта кетейік, Надежда мамырда Юджиндегі (АҚШ) Гауһартас лигасының 3-ші кезеңінде қола медаль жеңіп алған еді (1.93 м). Сондай-ақ ол Азия рекордының иегері, жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Ал 3 мың метрге жүгіруде жарыс жолына шыққан келесі отандасымыз Дейзи Джепкемей финалда мәреге 10-болып келді. Дейзи бұл қашықтықты 9:47.50 секундта бағындырды.
Жалпы Цюрихте жеңіске жеткен атлеттер 30 мың АҚШ доллары сыйақыға ие болды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықДЕЙЗИ ДЖЕПКЕМЕЙ ФИНАЛДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ
НОРА ДЖЕРУТО ФИНАЛДА ҮЗДІК ОНДЫҚҚА КІРДІ
ПАРИЖ-2024: ДАВИД ЕФРЕМОВ ФАЛЬСТАРТ ЖАСАДЫ