20.08.2023 | 07:41
Бөлісу:
Жеңіл атлетикадан XIX әлем чемпионаты басталды
Бүгін Мажарстан астанасы Будапешт қаласында жеңіл атлетикадан XIX әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Биыл 200 астам елдің спортшылары бақ сынап жатқан додада Қазақстанның намысын 8 атлет қорғайды. Бүгін 10000 метр қашықтыққа жүгіруде Каролин Чепкоеч Кипкиру өз өнерін ортаға салды. Жарыс жолына 22 спортшы шығып, қазақстандық жеңіл атлет мәреге дейін жете алмады. Осылайша ол соңғы орынмен шектелді. Ал тұғырдағы барлық орын эфиопиялық желаяқтарға бұйырды. Олимпиада жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы Гудай Цегай дүниежүзілік доданың үшінші алтынын алса, Летенсбет Гидей күміс, Эйгайеху Тайе қола жүлдегер атанды.
Енді Каролин Чепкоеч Кипкиру 23 тамыз күні 5000 метрлік қашықтықтың іріктеу сынында өнер көрсетіп, финалға өтудің амалын іздейді.
Ұлттық құрама спортшыларын қолдауға Қазақстан Республикасының Венгриядағы төтенше және өкілетті елшісі Жәнібек Әбдрашов келіп жылы лебіздерін білдірді.
20 тамызда жарыс жолына еліміздің атынан Давид Ефремов шығады. Ол 110 метрге кедергілермен жүгіруде бағын сынап көреді. Іріктеу бәсекесі Астана уақытымен 17:05-ке жоспарланған. Сонымен қатар, алдағы күндері 35 шақырымға спорттық жүрісте Галина Якушева, 42 шақырымдық марафонда Жанна Мамажанова, 3000 метрге кедергілермен жүгіруде Дэйзи Джепкемей және биіктікке секіретін Надежда Дубовицкая, Кристина Овчинникова, Елизавета Матвеева жүлделер үшін таласатын болады.
Әлем чемпионаты 28 тамызда аяқталады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықДЕЙЗИ ДЖЕПКЕМЕЙ ФИНАЛДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ
НОРА ДЖЕРУТО ФИНАЛДА ҮЗДІК ОНДЫҚҚА КІРДІ
ПАРИЖ-2024: ДАВИД ЕФРЕМОВ ФАЛЬСТАРТ ЖАСАДЫ