16.05.2022 | invalid

Жеңіс! Валентина Хальзова жартылай финалда жұдырықтасады

Түркиядағы Әлем чемпионатында 70 келі салмақтың ширек финалында Валентина Хальзова аустралиялық Кайе Скотты жеңді. Үш раундтың есебі 3:0. Енді оның еншісінде кем дегенде қол медаль бар. Қазақстандық 18 мамырда финал жолдамасы үшін таласады.

Ал Қазақстан еншісінде осымен 4-жүлде болды. Сәл ертеректе Алуа Балқыбекова, Жайна Шекербекова мен Карина Ибрагимова жартылай финалға шыққан.

Айта кетейік, Валентина Ыстанбұл рингінде осыған дейін кениялық Лорна Куса Симби мен оңтүсті кореялық Суджин Сеонды сенімді ұтқан. Қазақстандық боксшы 2016 жылғы елімізде өткен Әлем чемпионатында топ жарған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес