20.06.2023 | 12:38
Бөлісу:
Жергілікті атқарушы органдар арасындағы биылғы Спартакиаданы Талдықорған қабылдайды
21-25 маусым аралығында Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда жергілікті атқарушы органдарда жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлер арасындағы республикалық Спартакиада өтеді. Апта бойы әр өңірден жиналған азматтар шағын футбол, волейбол, қазақ күресі, үстел теннисі, суда жүзу, тоғызқұмалақ пен бильярдтан кім мықтыны анықтайды. Спартакиадаға қатысушылар арасында қатардағы сарапшылар мен ауылдық округ әкімдерінен бастап басқарма басшылары, баспасөз хатшылары, облыс әкімінің орынбасарлары бар.
Айта кетейік, әр спорт түрі бойынша командалар ұпайға ие болады. Ал Спартакиада соңында барлық ұпай қосылып, жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталады. Жалпы есепте топ жарған өңір мен 2-ші және 3-ші орын иегерлеріне Кубок пен грамота табысталады.
Бұл Спартакиаданың мақсаты – өңірлердегі мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оларды спортқа тарту, спорттың бұқаралық сипат алуына жағдай жасау.
Ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің Спартакиадасы Петропавл қаласында өтіп, БҚО-ның командасы жалпы есепте топ жарған. Ал Ақтөбе мен Павлодар облысы үздік үштікті түйіндеген.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықCHAMPIONDAR LIGALARY: 2-КҮННІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
ULY DALA JARYSY-2024 ЖАРЫСЫ ӨТТІ
ӘДІЛЕТ ҚАЛМАҒАМБЕТОВ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН 3 ДҮРКІН ЧЕМПИОН АТАНДЫ