13.07.2023 | 20:29

Əсем Орынбай мен Эдуард Ещенко Италиядағы Əлем Кубогында жүлделі болды

Италияның Лонато қаласында стенд атудан Əлем Кубогының кезеңі өтіп жатыр. Бүгін аралас жұптар арасындағы скит жаттығуында отандасымыз Əсем Орынбай мен Эдуард Ещенко қола медаль жеңіп алды. Біздің спортшылар жүлде жолында Олимпиада чемпионы жəне күміс жүлдегері Кьяра Кайнеро мен Элия Сдруччолиден (Италия-2) басым түсті. Есеп: 44-43. Бұл сында іріктеуге барлығы 42 команда қатысты.

Финалда АҚШ құрамасы Чилиден басым түсіп, алтыннан алқа тақты. Іріктеуде бақ сынаған Қазақстан-2 құрамасы жартылай финалға шыға алмағанын айта кетейік. Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 1 жүлде бар. Италиядағы жарыс 17 шілдеде аяқталады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес