30.08.2023 | 17:16

Ұлттық құрама Азия чемпионатын сәтті бастады

Бүгін Таиландтың солтүстік-шығысындағы Накхонратчасима қаласында волейболдан әйелдер арасындағы ХХІІ Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

D тобына түскен біздің құрама бүгін Филиппинмен ойнап, тай-брейкте жеңіске жетті (3-2). Енді қазақстандық волейболшы арулар Гонконг (31 тамыз) және Қытай (1 қыркүйек) командасымен күш сынасады. Ал жеңімпаз бен жүлдегерлер 6 қыркүйекте анықталады.

Биылғы чемпионатқа құрлықтағы 14 ел өз құрамасын жіберді. Осыған дейін 2019 жылы өткен додада Жапония волейболшылары топ жарған. Алдағы күндері үздік шыққан 3 құрамаға Азия атынан 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысуға жолдама беріледі.

Қазір Қазақстан сары құрлық рейтингінде 5-орында тұр. Осы уақытқа дейін біздің елдің әйелдер құрамасы тек бір рет құрлық чемпионатының финалына шыққан. Қытайдың Тайцан қаласындағы сол ойында жарыс қожайындары басым түскен (0-3).

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес