06.10.2023 | 18:55

Ұлттық құрама командалық сайыста күміс жүлдеге қол жеткізді

Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында гимнастар Қазақстан қоржынын тағы бір медальмен толықтырды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Көркем гимнастикадан командалық сайыста Елжан Таниева, Эрика Жайлауова мен Милана Парфилова үштігі 4 жаттығудан кейін 317.100 ұпай жинап, ойындардың күміс жүлдегері атанды. Бұл жолы 324.800 ұпаймен Өзбекстан спортшылары чемпион атанса, үздік үштікті 313.400 ұпайы бар жарыс қожайыны Қытай түйіндеді.

Ертең енді жекелей бағдарламадағы үздіктер белгілі болады. Мұнда Елжана Таниева  (97.650 ұпай) мен Милана Парфилова (94.600 ұпай) финалда өнер көрсетеді. Бүгінгі іріктеуден Эрика Жайлауова (92.800 ұпай) ақтық кезеңге өте алмады. Медаль жолында барлығы 23 таңдаулы атлет бақ сынайды.

Қазір Қазақстан делегациясының еншісінде 68 медаль бар (9 алтын, 18 күміс пен 41 қола).

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес