04.05.2024 | 16:43

Ұлттық құрама жалпы есепте 2-орын алды

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында көркем гимнастикадан лицензиялық Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Сары құрлық бәсекесінің соңғы күні жекелей және топтық жаттығулар бойынша ақтық сайыстар өтті. Қорытындысында қазақстандықтар 321.60 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Бас жүлде Өзбекстанға бұйырса (329.45 ұпай), үшінші орында Жапония (316.85 ұпай) тұр.

Жекелей сында өнер көрсеткен Эльжана Таниева шығыршық (33.90) бірінші, таспа (31.05) төртінші, ұршық (30.80) бесінші, доп (32.60) жаттығуларында үшінші орын иеленді. Сондай-ақ тағы бір отандасымыз Айбота Ертайқызы шығыршықпен (33.25) үшінші, лентамен (32.90) бірінші, ұршықпен (30.15) алтыншы, доппен жаттығуда (32.65) екінші орынға табан тіреді.

Ал топтық бәсекеде еліміздің құрама командасы (Аяулым Кәдір, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Баян Қойбақар, Мария Корниенко, София Ан) бес шығыршық (32.10) пен екі доп, үш таспа жаттығуларында (29.65) қолаға қол жеткізді.

«Аруларымыз бүгін де жоғары нәтиже көрсетті. Барлығы ойдағыдай болды. Ең басты мақсатымызға қол жеткіздік. Бұл додада кеше Эльжана Таниева көпсайыста топ жарып, Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Қуаныштымыз. Қажетті жағдайдың бәрін жасағаны үшін басшылыққа алғыс айтамын. Енді үлкен дайындықты бастаймыз. Білікті мамандармен мен психологтармен бірігіп жұмыс істейміз», - деді ҚР көркем гимнатикадан бас бапкер Әлия Юсупова.

Айта кетейік, Азия біріншілігіне 17 елден 90-нан астам спортшы қатысты.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес