12.10.2022
Алматы қ. филиалының басшысы бос лауазымы
Лауазымдық міндеттері:
Ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен және ұйымның бөлімшелері мен қызметтерінің басшыларымен өзара іс-қимыл жасай отырып міндеттерді орындайды, өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді, қабылданатын шешімдердің орындалуын, ұйымның балансындағы мүліктің, сондай-ақ қаржылық-экономикалық қызметтің сақталуы мен тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, филиал қызметкерлерінің қызметін жетілдіруге бағытталған жұмысты және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады, сондай-ақ олардың қызметін жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытуға бағыттайды, спорт түрлері бойынша федерациялармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, ұйымда спорт түрлерін дамыту жұмысын үйлестіреді, оның қызметінің тиімділігін арттыру үшін қажетті дене шынықтыру мен спортты насихаттау және енгізу бойынша жұмысты жүзеге асырады, Алматы қаласында спорттық іс-шараларды ұйымдастырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдауға дербес жауапты болады.