12.10.2022

Олимпиадалық спорт түрлері бойынша басқармасының басшысы бос лауазымы

Лауазымдық міндеттері: Басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, Басқарма құзыретіне кіретін міндеттерді орындаудың негізгі бағыттарын, нысандары мен әдістерін айқындайды. Басқарманың жұмысын жоспарлайды. Басқарма мамандарының ағымдағы және перспективалық жұмысын ұйымдастырады, Басқарма қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, қажетті тапсырмалар береді және олардың орындалуын бақылайды, олардың еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Кәсіпорынның, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл мәселелерімен айналысады. Спорт түрлері бойынша жарыстарды өткізу ережелерін, регламенттерін әзірлеуге қатысады, құрама командалардың спортшыларын даярлау қорытындылары және олардың жарыстарға қатысу нәтижелері туралы ақпарат жинауды бақылайды, халықаралық дәрежедегі және спорттық резервтегі спортшыларды даярлау мәселелері бойынша ақпараттық және талдамалық материалдар дайындайды, спорт түрлері бойынша команда бастықтарының жұмысын үйлестіреді. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы спортты дамытуды насихаттауды қамтамасыз етеді. Спорт түрлері бойынша командалар бастықтарының, жаттықтырушылар кеңестерінің жұмысын үйлестіреді. Үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады: - спорт түрлері бойынша штаттық ұлттық командаларды даярлау; - оқу-жаттығу жиындарын өткізу; - құрама командалар спортшыларының ресми жарыстарға қатысуы; - халықаралық дәрежедегі спортшыларды және спорт резервін даярлау; - Штаттық ұлттық командалардың спортшыларының диспансерлеуден өтуі; - спорттық-бұқаралық іс-шаралардың республикалық күнтізбесін әзірлеу; - Штаттық ұлттық командалар спортшыларының тізімдерін жинақтау; - спорттық нәтижелерді есепке алу және талдау; - спорт ұйымдарымен дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық қатынастарды дамыту.
DOCX