26.08.2023 | 10:31
Бөлісу:
Ұлттық құрама әлем чемпионатында 3-орын алды
Астана қаласында джиу-джитсудан жасөспірімдер (U14-16), кадеттер (U18), жастар (U21) арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.
Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Jekpe-Jek» сарайында өткен бәсекеде әлемнің 42 елінен келген 1207 спортшы өнер көрсетті. Оның ішінде ел намысын 194 спортшы қорғады. Қазақстандық спортшылар байрақты бәсекеде 13 алтын, 19 күміс, 37 қола медаль алып, жалпы командалық есепте 3 орын алды.
Бүгінгі таңда ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы жоспарлы түрде жазғы Азия ойындарына (Ханчжоу) қарқынды дайындалып жатыр. Сары құрлық додасында ұлттық құрамадан ерлер 4 салмақта (62, 69, 77, 85) және әйелдер 4 салмақта (48, 52, 57, 63) өнер көрсетеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҚАЗАҚСТАН ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӘЛЕМ КУБОГЫНДА 2-ОРЫН АЛДЫ
Галина Дуванова финалға жолдама алды