28.02.2023 | 13:49

3 медаль! Шаңғымен тұғырдан секірушілердің қарқыны қатты

Бүгін Кузбасс облысында өтіп жатқан «Азия балалары» ІІ қысқы ойындарында шаңғымен тұғырдан секіруден жарыс басталды. Ұлдар арасында алғаш болып сынға түскен Илья Мизерных пен Илья Шильников К-40 трамплинінде тұғыр биігіне көтерілді. Алғашқысы 239,3 ұпаймен чемпион атанды. Ал Илья Шильников 227,3 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды. Үздік үштікті Қиыр шығыс федералды округынан келген Дмитрий Серегин түйіндеді.

Сосын, қыздар арасында отандасымыз Софья Шишкина қола медаль алып, жүлде жиынтығын толықтырды. Мұнда Орал федералды округының спортшысы топ жарса, Беларусь өкілі Ева Бедрицкая күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл сындағы тағы бір қазақстандық Алёна Свериденко 8-сатыдан көрінді.

Айта кетейік, Илья Мизерных пен Софья Шишкина (екеуі де Алматы қаласынан) ақпан айының басында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының IV қысқы Жастар спорт ойындарында К-60 трамплинінде (60 метр биіктен) жеңіске жеткен. Ал мен Алёна Свериденко (ШҚО) қола жүлдеге қол жеткізген.

Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль бар. Ертең шаңғымен тұғырдан секіруден аралас командалық сайыс өтеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес