28.02.2023 | 21:40
Бөлісу:
«Азия балалары» ойындары: енді бір отбасында қос жүлдегер бар
Бүгін отандасымыз Софья Шишкина Кузбасс облысында өтіп жатқан «Азия балалары» ІІ қысқы ойындарында шаңғымен тұғырдан секіруде қола жүлдегер атанды. Алматылық спортшы К-40 трамплинінде қос жаттығудан кейін тура 203 ұпай жинады.
Софьяның әпкесі Вероника Шишкина 2019 жылы Оңтүстік Сахалин қаласында өткен алғашқы «Азия балалары» қысқы ойындарында шаңғымен тұғырдан секіруде жекелей сында жеңімпаз атанған. Енді бұл отбасында жүлдегерлер саны екеуге жетті.
Осы орайда 2019 жылы өткен қысқы спорттан алғашқы «Азия балалары» ойындары біздің Ұлттық құрама үшін сәтті болған. Қазақстан құрамасы 74 спортшы апарып, 7 алтын, 7 күміс және 6 қола медальмен жалпы есепте 11 команданың ішінде 6-орыннан көрінді.
Суреттің авторы - Максим Иванов.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықСЕРГЕЙ ТКАЧЕНКО FIS КУБОГЫНДА ЖҮЛДЕГЕ БІР ТАБАН ЖЕТПЕЙ ТОҚТАДЫ
3 медаль! Шаңғымен тұғырдан секірушілердің қарқыны қатты