04.02.2023 | 22:26

Әбиба Абужақынова – Париждегі Үлкен Дулыға бәсекесінің қола жүлдегері

Бүгін Франция астанасы Парижде 2023 жылдың алғашқы Grand Slam бәсекесі басталды. Бірінші жарыс күні татамиге шыққан отандасымыз Әбиба Абужақынова қола медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама көшбасшысы жүлде жолында оңтүстік кореялық Ли Хёкённен басым түсті.

Іріктеуде Әбиба жарыс қожайыны Мелани Виэуді ұтқанымен, испан Лапуэрта Комас Мирейядан жеңіліп қалды. Жұбаныш белдесуінде жапон Рина Тацукаваны таза жеңді.

Айта кетейік, Әбиба бір апта бұрын Португалияда өткен Гран-При бәсекесінде жеңімпаз атанған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес