19.05.2024 | 16:35

Абиба Абужақынова қола жүлде үшін күреседі

Ұлттық құрама дзюдошысы Абиба Абужақынова Абу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатының қола медалі үшін күреседі, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Абиба жартылай финалда моңғолиялық дзюдошы Баасанху Бавудоржға қосымша уақытта ( golden score) есе жіберді. Кешкі сессияда оның қарсыласы түркиялық Тугче Бедер болмақ.

Бүгін Абу-Даби татамиінде жарысты 2-айналымнан бастаған қазақ дзюдошысы әуелі Түркия, сосын Словакия мен Бразилия құрамасының сплртшысын таза жықты.

Осы салмақтағы тағы бір спортшымыз Ғалия Тынбаева 2-айналымда қарсыласы Лаура Мартинес Абелиндаға (Испания) жол берді.

Айта кетейік, Абиба 2022 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған.

Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес