01.03.2024 | 14:58

Әбиба Абужақынова Ташкенттегі Үлкен дулыға бәсекесінің финалында

Ұлттық құрама көшбасшысы жартылай финалда Тара Бабулфатты (Швеция) ұтып, финалға шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Осылайша, Әбиба осыған дейін Бакуда өткен турнирде кеткен есесін қайтарды.

Абужақынова ширек финалда АҚШ дзюдошысын ұтып, D тобында ешкімге дес бермеді. Әбиба оған дейін Түркменстан, Израиль спортшысынан басым түсті. Кешке 48 кг дейінгі салмақтың финалында Әбиба Сабина Гилиязовамен күреседі. Ресейлік осы салмақтағы тағы бір спортшымыз Ғалия Тынбаеваны жеңген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес