25.11.2022 | invalid

Әбиба Абужақынова Токиодағы Үлкен Дулыға бәсекесіне барады

3-4 желтоқсан аралығында Жапония астанасы Токиода дзюдодан Үлкен Дулыға додасы өтеді. Жылдың қорытынды бәсекесінде ел намысын келесі татами шеберлері қорғайды.

Әйелдер – Әбиба Абужақынова (48 кг), Ғалия Тынбаева (48 кг), Гауһар Ирмағамбетова (52 кг), Толғанай Әбеуова (52 кг), Самалай Ерғалиева (63 кг), Анастасия Маякова (-70 кг), Аруна Жангельдина (-78 кг), Камила Берліқаш (+78 кг);

Ерлер – Мағжан Шамшадин (60 кг), Есет Қуанов (66 кг), Ермек Амангелді (66 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Мейірлан Максим, Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Дидар Хамза (-90 кг), Бекарыс Сәдуақас (-100), Нұрлыхан Шархан (-100 кг), Ғалымжан Қырықбай (+100 кг);

Жалпы мұнда 67 елдің 370-тен астам таңдаулы дзюдошысы шеберлік байқасады. Ең көп спортшы 81 кг (ерлер) мен 57 келіде (әйелдер) тіркелген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес