11.10.2024 | 18:48

ABU-DHABI GRAND SLAM: ДӘУРЕН СУЮКЕНОВ ҮЗДІК ҮШТІКТЕ

Дзюдошымыз Дәурен Суюкенов (60 кг) Абу-Даби қаласында (БАӘ) басталған Үлкен дулыға санатындағы жарыстың қола медалін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол өз салмағындағы кіші финалда отандасы Мағжан Шамшадиннен басым түсті. Бұл Дәуреннің Үлкен дулыға санатындағы жарыстағы 3-қола жүлдесі. Айта кетейік, Дәурен жұбаныш белдесуінде Камолиддин Бахтиоровты (Өзбекстан) ұтқан.

IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері рейтингте мынадай ұпайға ие болады: І орын үшін 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес