16.03.2025 | 23:43

АИДА ӘБІКЕЕВА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалында төртінші спортшымыз өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

63 кг дейінгі салмақта алғаш рет финалға шыққан Аида Әбікеева Таиланд өкілі Тананья Сомнуекке еш мүмкіндік қалдырмады. Қорғаныста жүрсе де, жерлесіміз қарсыластың әр қимылын бақылауда ұстап, дәл соққыларын дарыта білді. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан 5-0 есебімен жеңісті отандасымызға берді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес