02.04.2024 | 20:19

Алдияр Аңсат пен Ксения Балабаева жылдың үздік шахматшысы атанды

Бүгін Астана қаласында KazChess Awards жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Шахмат саласындағы жыл үздіктерін Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов марапаттады. Бұл қатарда ойыншылармен қоса бапкерлер мен төрешілер бар.

Биылғы 12 номинация жеңімпазы мынадай:

Жылдың үздік партиясы – Әлішер Сүлейменов. Qatar masters турнирінде Магнус Карлсенді жеңгені үшін.

Жыл үміті – Данис Қуандықұлы.

U10 санатында әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ шахматшысы.

Өрлеу – Зарина Нұрғалиева.

Үздік ардагер – Айтқазы Баймурзин, Ирина Буланова

Үздік төреші – Кәусар Бауыржан

Үздік тілші – Александр Ляхов

Үздік шахмат баспасөз ұйымы – Kursiv Media

Үздік телеарна – Qazsport арнасы

Үздік бапкер – Павел Коцур мен Александр Моисеенко

Үздік команда – Қазақстан әйелдер құрамасы (Бибісара Асаубаева, Жансая Әбдімәлік, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова, Зарина Нұрғалиева, Динара Садуақасова, Ксения Балабаева)

Үздік спортшы (әйелдер)  – Ксения Балабаева

Үздік спортшы (ерлер) – Алдияр Аңсат

Былтыр қазақстандық шахматшылар түрлі халықаралық турнирлерде, әлем және Азия чемпионаттарында 100-ге жуық медаль жеңіп алған.

Суреттердің авторы: Руслан Мазунин.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес