03.10.2023 | 13:17

Алексей Луценко – Ханчжоудағы Азия ойындарының чемпионы

Санаулы сәттер бұрын велоспортшы Алексей Луценко Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама көшбасшысы жекелей сында алдына жан салған жоқ. Алексей 39.6 шақырымды 48 минут, 05.75 секундта бағындырды. Қытай шабандозы Сюэ Мин күміс, Гонконг спортшысы Винсент Лау қола медаль алды. Барлығы жарыс жолына 14 елдің атлеті шықты.

Айта кетейік, Алексей Луценко үшін бұл Азия ойындарындағы төртінші алтын медаль. Ол 2014 жылы Инчхонда жекелей сында (42 шақырымды 50:28.78 секундта), сосын 2018 жылы Джакартада жекелей сын (40 шақырымды 55:37.13 секундта) мен топтық жарыста қарсылас шақ келтірмеген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес