03.10.2022 | invalid

Әлем чемпионаты: Қазақстан тартысты текетіресте Үндістанға жол бергенімен, тарихи көрсеткішке қол жеткізді

Қытайдың Чэнду қаласында үстел теннисінен командалық Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін Қазақстан құрамасы 2-топтағы соңғы матчта үндістандық ойыншылардан жеңіліп қалды. Тартысты ойын 2:3 есебімен аяқталды.

Сатиян Гнанасекаран – Денис Жолудев 3:0 (11-1, 11-9, 11-5, 0-0, 0-0)

Хармит Десаи – Кирилл Герасименко 0:3 (6-11, 8-11, 9-11, 0-0, 0-0)

Викаш Манав Таккар – Алан Құрманғалиев 3:0 (12-10, 11-1, 11-8, 0-0, 0-0)

Сатиян Гнанасекаран – Кирилл Герасименко 2:3 (11-6, 5-11, 14-12, 9-11, 6-11)

Хармит Десаи – Денис Жолудев 3:0 (12-10, 11-9, 11-6, 0-0, 0-0).

Осы жеңістен соң Үндістан топта көш бастап, плей-офқа жолдама алды. Қазақстан өз тобында тек Өзбекстанды ғана жеңіп, 4-сатыға тұрақтады. Оның алдында Ұлттық құрама Франция мен Германияға есе жіберген. Десе де биыл Ұлттық құрама алғаш рет таңдаулы 32 елдің қатарына қосылды.

«Ұлттық құраманың бұл нәтижесін заңды деп айтуға болады. Осы жолы ақтық кезеңге жолдам алып, үздік 32 құраманың қатарына алғаш рет кірдік. Үстел теннисінде 227 ұлттық ассоциация шеберлік байқасатынын ескерсек, бұл жақсы көрсеткіш. Топтағы Франция мен Германияның деңгейі бізден бір бас жоғары. Өзбекстан құрамасын өзіміз жоспарлағандай, жеңдік. Алайда Үндістанмен болған ойында спортшыларымызға жылдамдық жетіспей жатты. Бұл бағытта дайындықты пысықтаймыз»,-деді Ұлттық құраманың бас бапкері Эльмира Алиева.

Осы ретте Эльмира Алиева бұл чемпионат Алан Құрманғалиев үшін тәжірибе жинауға зор септігін тигізді деп санайды.

«Алан үшін бұл есеректер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты. 15 жастағы спортшымыз екі айдан кейін Тунисте жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жалғыз өзі ел намысын қорғайды. Чэндудағы сында Алан шеберлігін шыңдай алады деп ойлаймын»,-деп айтты бас бапкер.

 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес