04.12.2022 | 20:55

Әлем Кубогы: Жанбота Алдабергенова қола жүлдеге қол жеткізді

Бүгін Финляндияның Рука қаласында өткен фристайл-акробатикадан Әлем Кубогының алғашқы кезеңінде қазақстандық Жанбота Алдабергенова қола жүлдегер атанды. Ұлттық құрама көшбасшысы өзі орындаған жаттығуы үшін төрешілерден 80,04 балл алды. Бұл Жанботаның Әлем Кубогында 5-рет тұғыр сатысына көтерілуі. Қазір Жанбота Әлем Кубогы рейтингінде 3-орынға жайғасты.

Жанбота Алдабергенованың жаттығуы.

Бұл жолы аустралиялық Даниэль Скотт 99,05 ұпаймен топ жарса, канадалық Марион Теноулт күміс жүлдеге ие болды. Тағы бір қазақстандық 21 жастағы Аяна Жолдас пен 16 жастағы Ардана Маханова іріктеуден ақтық кезеңге жолдама ала алмады. Аяна 58,27, ал Ардана 46,54 ұпай жинады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес