11.12.2023 | 10:37

Жанбота Алдабергенова Еуропа Кубогында жеңіске жетті

Ұлттық құрама спортшысы Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласында өткен фристайл-акробатикадан Еуропа Кубогында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол финалда 83.47 балл жинады. Күміс жүлдеге Канада спортшысы Александра Монтмини 65,45 ұпаймен қол жеткізсе, үздік үштікті АҚШ атлеті Амелиа Глоговски 62,14 ұпай түйіндеді. Толық нәтиже.

Әйелдер арасында Ұлттық құрама спортшыларынан Ардана Маханова (48.99 балл) 10-шы орын алса, Аделина Өмірзақова 13-сатыға табан тіреді. Ерлер арасындағы финалда Роман Иванов 5-нәтиже көрсетті.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес