18.01.2024 | 21:33

Әлем рекордының иесі Арман Дуплантис Астанадағы турнирге қатысады

27 қаңтарда Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде даңқты спортшы Әмин Тұяқовтың жүлдесіне арналған жабық кешендегі турнир өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бәсекеге Халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығының алтын деңгейі берілген (World Athletics Indoor Tour Gold). Бұған дейін Азияда мұндай санаттағы жарыс өтпеген.

Елордадағы төмендегі санаттағы жарыстар өтеді:

Әйелдер: 400 м, 60 м, 1 миль (1609 метр), 60 м кедергілер арқылы, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру.

Ерлер: 60 м, 60 м кедергілер арқылы, 3000 м, 400 м, сырықпен секіру, ядро лақтыру.

Турнирге сырықпен секіруден Токио Олимпиадасының жеңімпазы, екі дүркін әлем чемпионы, тағы күміс жүлдегері, қазіргі әлем рекордының иесі (6,23 м) Арман Дуплантис (Швеция) қатысады. Тағы 200 метрге жүгіруде Гауһар лига финалының жеңімпазы Андре де Грасс (Канада), 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруден әлем чемпионы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ниа Али, сондай-ақ 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруден әлем чемпионы Тоби Амусан секілді жеңіл атлетика жұлдыздары бар.

Суретте Тоби Амусан.

Биылғы маусымдағы  World Indoor Tour Gold сериясының алғашқы турнирі Астанада өтеді. Сосын, алтын кезеңдер Чехия (30 қаңтар), АҚШ (4 ақпан), Польша (6 ақпан), Франция (10 ақпан), АҚШ-қа (11 ақпан) жетіп, 23 ақпанда Мадридте мәресіне жетеді. Яғни, 3 құрлықты қамтиды.

Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes бәсекесінің артықшылығы мен ерекшелігі:

 Бұл – Париж Олимпиадасына ұпай жинау жарысы.

 Отыздан астам қазақстандық спортшы «Алтын» деңгейлі жарысқа қатысып, жеңіл атлетика жұлдыздарымен бәсекеге түсуге мүмкіндік алады.

 Жарыста 40 астам елден келген спортшы бақ сынайды.

 World Athletics Indoor Tour аясында өткен әр жарыстың жеңімпазы биыл наурызда Глазгода өтетін жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне автоматты түрде ие болады.

 Бұл жарыста толық қазақстандық мамандар төрешілік етеді.

 Осындай дәрежелі доданы Астанада өткізу қазақ спортын әлем деңгейінде танытуға, жеңіл атлетикаға деген қызығушылықты арттыруға, сондай-ақ елордамыздың тартымдылығын көрсетуге көмектеседі.

 Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes 5 мың көрермен жинап, 70-тен астам елде тікелей эфирде көрсетіледі деп жоспарланған.

БАҚ өкілдері үшін

Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes халықаралық турнирінің баспасөз конференциясы 26 қаңтар, сағат 14:00-де Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде өтеді. БАҚ өкілдері аккредитацияға өтінішті mediaqazaqathletics@gmail.com электронды мекенжайына 2024 жылдың 22 қаңтарына дейін жолдауға тиіс.

Өтініште журналистің толық аты-жөнін, жеке куәлігінің нөмірін, аккредитация түрін (фотограф, видео оператор, журналист) көрсетіп, сондай-ақ бас редактордың қолы және БАҚ мөрі болуы тиіс. Сондай-ақ, өтінішке аккредитацияға өтініш беруші БАҚ өкілінің қызметтік куәлігі мен фотосуретін тіркеуі қажет.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес