14.08.2023 | 20:14

Алғашқы жеңіс! Қазақстан құрамасы Үндістаннан басым түсті

Сирия астанасы Дамаскте баскетболдан ерлер арасында Азия құрлығындағы олимпиадалық іріктеу турнир өтіп жатыр. Бүгін еліміздің ерлер құрамасы Үндістаннан 73-70 есебімен айласын асырып, топтағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұл қарсыластың осы бәсекедегі алғашқы жеңілісі (1-2).

Матчта Ұлттық құрама сапынан ең көп ұпайды Владимир Иванов (бойы 2,08 метр) жинады. Ол 19 ұпайдан бөлек, пайдалы қимылымен көп көзге түсіп, 12 мәрте допты қақшып алды. Ал Константин Нефф 4 мәрте үшұпайлық соққыны сәтті жасап, 12 баллды еншісіне жазды. Үндістан құрамасының ең нәтижелі баскетболшысы – Арвинд Кумар Мутху Кришнан (18 ұпай).

Ойынның аяқталуына 3 минут қалғанда үндістандықтар алда тұрған (68-64). Алайда қалған уақытта қазақстандықтар 9 ұпай жинап, қарсыласты қапыда қалдырды. Олег Балашовтың 3 ұпайлық соққысынан есеп 69-68 болып, қалған бір жарым минут тактикалық тартысқа айналды.

Қазақстан - Үндістан ойынының шолуы

Осыған дейін Қазақстан құрамасы Бахрейннен 67-104 есебімен, ал алғашқы кездесуде Индонезиядан да (82-91) ұтылғаны бар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес