24.02.2024 | 19:52

Әлішер Жұмақан Делидегі чемпионатта күміс медаль жеңіп алды

Әлішер Жұмақан Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан велотректен ересектер арасындағы 43-ші Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы ұпай жинаудан топтық жарыста 2-нәтиже көрсетті. Әйелдер арасындағы осы сында Карина Абдрахманова жүлдегерлерге сәл есе жіберіп, 6-сатыдан көрінді.

Айта кетейік, кеше құрлық чемпионатының 3-күні іс кесуден жекелей жарыста Рината Сұлтанова қола жүлдеге ие болған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес