12.05.2022 | invalid
Бөлісу:
Алматыда дзюдодан жастар мен жасөспірімдер арасында Азия кубогі өтеді
13-15 мамыр күндері Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогі өтеді.
Байрақты бәсекеде 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер, 2002-2004 жылдары дүниеге келген жас дзюдошылар бақ сынайды. Сары құрлық додасына Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғыз Республикасы мен АҚШ-тан 700-ден астам татами шебері келеді.
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне сәйкес Азия кубогі Қазақстанда осымен бесінші рет ұйымдастырылады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне IJF ережесіне сейкес әлемдік рейтингте ұпай қосылады. Жарыс жеңімпаздарына 100 ұпайдан берілсе, күміс жүлдегерге – 60, қола жүлдегерге – 40 ұпайдан беріледі.
Жастар: -73 кг, -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг;
Жасөспірімдер: -57 кг, -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг;
Дзюдодан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогінің жарыс кестесі келесідей:
13 мамыр
Жасөспірімдер
Жарыстың басталуы – 10:00
Жарыстың ресми ашылу салтанаты– 16:30
Финалдық белдесулер – 17:00
Ұлдар: -50 кг, -55 кг, -60 кг, -66 кг, -73 кг
Қыздар: -40 кг, -44 кг, - 48 кг, - 52 кг, -57 кг
14 мамыр
Жарыстың басталуы – 10:00
Финалдық белдесулер – 17:00
Жасөспірімдер
Ұлдар: -81 кг, -90 кг, -100 кг +100 кг;
Қыздар: -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг;
Жастар
Ұлдар: -60 кг, -66 кг;
Қыздар: -48 кг, -52 кг;
15 мамыр
Жастар
Жарыстың басталуы – 10:00
Финалдық белдесулер – 17:00
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТАЛҒАТ ОРЫНБАСАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТАҒЫ ЖҮЛДЕ АЛДЫ
АҚТАУДА ДЗЮДОДАН ЕРЛЕР ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА АЗИЯ КУБОГЫ ӨТЕДІ
GRAND SLAM: АБУ-ДАБИДЕ 13 ДЗЮДОШЫМЫЗ СЫНҒА ТҮСЕДІ
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ЗАГРЕБТЕГІ ТУРНИРДІ 2-ОРЫНМЕН АЯҚТАДЫ