24.10.2022 | invalid

Әмбебап жекпе-жектен Әлем Кубогында Қазақстан 15 алтын жеңіп алды

Бүгін Түркияның Анталья қаласында аяқталған əмбебап жекпе-жектен Әлем Кубогына бұл жолы 21 елден 650-ге тарта спортшы қатысты. Оның жартысына жуығы (280) 18-20 жас аралығындағы атлет.

Дүбірлі додада Ұлттық құраманың 30 шаршы алаң шебері сынға түсті. Нәтижесінде бір аптаға созылған бәсекеде Қазақстан лайт және классика бағдарламасын қоса есептегенде 15 алтын, 12 күміс пен 5 қола медальмен жалпы есепте 3-орын алды. Көш басына Әзірбайжан спортшылары жайғасса, жарыс қожайыны Түркия 2-орыннан көрінді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес