03.06.2022 | invalid
Бөлісу:
Қазақстан құрамасы әмбебап жекпе-жектен Әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында әмбебап жекпе-жектен әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде 30 мемлекеттен келген 600 спортшы келесі жас санаттары бойынша күш сынасты: 14-15 жас, 16-17 жас, 18-20 жас және ересектер арасында. Қазақстан құрамасы сапынан көршілес елге 98 спортшымыз аттанды. Топ жарып, жүлдегер атанғандар тізімі:
Ересектер арасында:
Алтын алғандар – Насыр Оңғарсын (80 кг), Жеңіс Ердәулет (95 кг);
Күміс – Айболат Мұратұлы (+95 кг), Динара Дүйсенбаева (57 кг), Азиз Абзал (65 кг), Нұршат Аманқосов, Ермек Кермишеев (90 кг), Нұрдаулет Әймбетов (60 кг);
Қола – Бекдос Әділов (65кг), Рамазан Мамаев (65кг), Тимур Есқалиев (+95кг), Ринат Махмудов (65 кг), Нұрбол Скаков (90 кг);
18-20 жастағылар арасында:
Алтын – Бейбіт Махмұдхан (60кг), Мұратәлі Бақдаулет (90кг), Шерім Мүтәліп (+95кг);
Күміс – Қуаныш Шымкентбай (55кг), Мағжан Бостанұлы (70 кг), Әлиасқар Утеуов (95 кг), Гүлдана Амангелді (57 кг);
Қола -
Мұхамеджан Ақылбек (55 кг), Шындәулет Қамбарбек (60 кг), Бекдәулет Қамбарбек (65 кг), Әбілхан Алайдар (60 кг), Асылбек Тәжібай (65 кг);
16-17 жастағы спортшылар арасында:
Алтын – Дидар Бақытжан (55 кг), Мағжан Нәби (65 кг), Мүслім Асадиллаұлы
Күміс – Ақжүніс Жақсылық (+62 кг), Бақыт Әбді (65 кг), Ернұр Маханбет (55 кг);
Қола – Бекзат Есқалиев, Ғанибек Есенғали (55 кг);
14-15 жастағы спортшылар арасында:
Алтын – Аяжан Ергентай (52 кг), Сарварбек Мурзакаримов (+70 кг), Меділхан Нұрашов (+70 кг);
Күміс жүлдегерлер - Жанель Қанатқызы (+52 кг), Айханым Нұрланқызы (42 кг), Ақылжан Пернебай (50 кг);
Қола жүлдегерлер – Аяулым Әубәкір (47 кг), Нұрдәулет Күлмесхан (50 кг), Азамат Құмаров (+70 кг);
Жалпы есепте Өзбекстан 1-орын алса, Қазақстан құрамасы 2-сатыға жайғасты. Үздік үштікті Әзірбайжан түйіндеді.
Біздің анықтама: Әмбебап жекпе-жек – бірнеше бәсекені біріктірген кешенді спорт түрі. Мұнда спортшылар әуелі арнайы темір кедергілердің арасынан өтіп, нысанаға пышақ лақтырады. Сосын рингке жетіп, екі қарсылас қоян-қолтық ұрысқа түседі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: