27.01.2024 | 23:01

Әмин Тұяқовтың жүлдесіне арналған турнир жеңімпаздарымен танысыңыздар

Бүгін Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде даңқты спортшы Әмин Тұяқовтың жүлдесіне арналған жабық кешендегі турнир өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бәсекеге 45 елден 136 таңдаулы спортшы қатысты. Олардың қатарында 4 Олимпиада чемпионы, 10 әлем чемпионы, 3 Еуропа чемпионы, 1 Азия чемпионы және қазіргі 2 әлем рекордының иесі бар. Додада ел намысын 28 атлет қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша чемпион атанған спортшылар көктемде Глазгода (Шотландия) өтетін жабық кешендегі әлем чемпионатына тікелей жолдама алды. Жеңімпаздар мынадай:

Ерлер:

Сырықпен секіру:

Арман Дуплантис (Швеция) — 5.80 метр

Ядро лақтыру:

Скотт Линкольн (Ұлыбритания) — 20.81 метр

60 метрге жүгіру:

Демек Кемп (АҚШ) — 6,55 секунд

60 метрге кедергілермен жүгіру

Цзюньси Лю (Қытай) — 7.58 секунд

400 метрге жүгіру:

Иньяки Канал (Испания) — 46.36 секунд

3000 метрге жүгіру

Самуэль Тефера (Эфиопия) — 7:33.80

Әйелдер:

Биіктікке секіру:

Уртэ Байкстайт (Литва) — 1.92 метр

Ұзындыққа секіру:

Милица Гардашевич (Сербия) — 6.45 метр

60 м жүгіру:

Энтоник Страчан (Багам аралы) — 7.21 секунд

60 м кедергілермен жүгіру:

Тоби Амусан (Нигерия) — 7.77 секунд

400 м жүгіру:

Катия Азеведу (Португалия) — 52.64 секунд

1 миль (1,6 км) жүгіру:

Дирибе Велтеджи (Эфиопия) — 4:23.76

Қазақстан сапынан ең үздік көрсеткішті биіктікке секіруден жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүлдегері Надежда Дубовицкая (2-орын) көрсетті. Ол 1,90 метрге қарғыды. Турнирдің толық нәтижесі мына жерде.

Astana Indoor Meet – Азияда алғаш рет өткен World Indoor Tour «алтын» сериясының турнирі. Жыл сайын серия әлем бойынша Бостон, Нью-Йорк, Мадрид, Ливен, Торун және Острава сияқты тек 7 қалада өтеді. Күндіз турнирдің ашылуына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев және Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес