
21.03.2025 | 19:42
Бөлісу:
АНАСТАСИЯ ГОРОДКО – ШВЕЙЦАРИЯДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ
Бүгін фристайл-могулдан Ұлттық құрама спортшысы Анастасия Городко Швейцарияның Санкт-Мориц қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік үштікті түйіндеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз параллель-могул сайысындағы жүлде жолында АҚШ спортшысы Кайли Қариотистан (22.00 ұпай) басым түсті. Әйелдер арасында алтын мен күмісті америкалық атлеттер иеленді.
Бұл Анастасияның ересектер арасындағы әлем чемпионатында алған екінші жүлдесі. Городко 2021 жылы Алматыда өткен бәсекеде дәл осы бағдарламада үшінші сатыдан көрінген.
Ал әлем чемпионатында медаль алған спортшыларымыздың жалпы саны – үшеу. Осыған дейінгі жылдары Юлия Галышева 1 алтын, 2 күміс, 1 қолаға қол жеткізсе, 2021 жылы Павел Колмаков қола жүлде иеленген.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

