
05.03.2025 | 21:05
Бөлісу:
ФРИСТАЙЛ-АКРОБАТИКАДАН VI ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАСЫНДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТОП ЖАРДЫ
Алматы қаласындағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында фристайл-акробатикадан ҚР VI қысқы Спартакиадасы аяқталды, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Биылғы жарысқа 5 командадан 40-тан астам қатысушы бақ сынады.
«Спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ең басты айырмашылық – спортшылардың кәсіби деңгейде өсуі. Өзара бәсекелестік артуда. Біз көптеген аймақтардың әлеуеті өскеніне көз жеткіздік»-деді фристайлдан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Асылбек Бейсенов.
Жалпыкомандалық есепте ең үздік нәтиже көрсеткен Шымкент қаласы жеңімпаз атанды. Екінші және үшінші орынды Алматы қаласы мен ШҚО спортшылары иеленді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық


АЛМАТЫДА ФРИСТАЙЛДАН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ