29.07.2023 | 17:24

Ақмола облысының триатлоншылары VI жазғы Спартакиадада топ жарды

Бүгін Көкшетау қаласында триатлоннан ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасы аяқталды. Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Ақмола облысының командасы көш бастады. Екінші орынды Алматы қаласының құрамасы иеленді. Үздік үштікті Шымкент қаласы түйіндеді.

Айтулы шараға Спортты дамыту дирекциясының директорының орынбасары Азамат Имашев арнайы келіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады. Спартакиадаға Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Түркістан облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 47 спортшы қатысты.

Бәсекенің бірінші күні ерлер мен әйелдер жекелей сында алдымен суда 1500 метр қашықтыққа жүзді. Кейін велосипедпен 40 шақырымды жүріп өтті. Үшінші кезеңде 10 шақырымға жүгірді. Сайыстың соңғы күні аралас эстафета бойынша 7 команда өнер көрсетті.

Жарыс нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз:

Жекелей сын:

Ерлер:

1. Аян Бейсенбаев (Ақмола облысы)

2. Темірлан Теміров (Ақмола облысы)

3. Әнуар Турубаев (Алматы қ.)

Әйелдер:

1. Арина Шульгина (Шымкент)

2. Юлия Озерова (Қостанай обл)

3. Дарья Бычкова (Алматы)

Аралас эстафета

1. Алматы қаласы. Уақыты - 1:22:53.

2. Ақмола облысы. Уақыты - 1:25:28.

3. Астана қаласы. Уақыты - 1:26:32.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес