31.07.2024 | 18:27

АСЛАН АБДРАХМАНОВ: «ЖҮЗУДІҢ БОЛАТЫНЫ СОҢҒЫ СӘТКЕ ДЕЙІН АЙТЫЛМАДЫ»

Триатлоннан Қазақстан командасының аға жаттықтырушысы Аслан Абдрахманов Екатерина Шабалинаның Париж Олимпиадасындағы жарысы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

«Таңертең жарыстың болатын, болмайтыны жайлы нақты ақпарат болған жоқ. Триатлон немесе дуатлон (жүзуді алып тастап) өтетіні белгісіз еді. Ұйымдастырушылар судың сапасына байланысты сайысты қайта шегеруі мүмкін екенін де айтқан. Өздеріңіз білесіздер, ерлер 30 шілдеде, ал Екатерина 31-іне жарысуы керек болған. Бүгін бәрі басқаша өтті. Сөреден шыққан кезде Шабалинаның тобы кідіріп қалған. Жүзіп бара жатқанда Екатерина шашалып қалғанын айтты. Ал велосипедке мінгенде құса бастады. Осыдан кейін ары қарай жалғастыра алған жоқ»,-деді Аслан Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес