31.07.2024 | 12:13
Бөлісу:
ЕКАТЕРИНА ШАБАЛИНА ЖАРЫСТЫ АЯҚТАДЫ
Екатерина Шабалина Париж Олимпиадасында триатлоннан сынға түсіп, жарысты ерте аяқтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама спортшысы Сена өзенін жүзіп өтті. Ал велосипедпен 3 шақырымдай жүрген соң сайыстан шығып қалды. Осы кезде ол 32-сатыда келе жатқан. Айта кетейік, Парижде жаңбыр жауғандықтан вело жарыста бірнеше атлет сүрінді.
Барлығы әйелдер арасында 55 триатлон шебері сынға түсті. Екатерина Шабалина – араға 16 жыл салып, Олимпиадаға қатысқан қазақстандық.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: