12.03.2024 | 03:55

Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасында жұдырықтасады

Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде 71 кг дейінгі салмақтағы әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов әзербайжандық спортшы Вархан Алиевті сенімді ұтты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Осылайша, Ұлттық құрама капитаны Париждегі жазғы олимпия ойындарына жолдама жеңіп алды. Асланбек осы бәсекеде әуелі Сэм Мороватиді мерзімінен бұрын жарыстан тыс қалдырды. Сосын, Дамиан Дуркачты, Байрамдурды Нұрмұхаммедовті (Түркіменстан) ұтқан.

Ұзақ уақыт өз мүмкіндігін күткен Асланбек Шымбергенов 2023 жылы Ташкентте әлем чемпионы, 2022 жылы Амманда Азия чемпионы атағына қол жеткізген.

Суреттердің авторы – Аян Төлеген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес