25.07.2024 | 23:42

ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫ: БОКСШЫЛАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАРСЫЛАСЫ КІМ?

Бүгін бокстан Париж Олимпиадасының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Назарыңызға ерлер арасындағы жеребені ұсынамыз.

51 келі. 17 боксшы

1/8 финал, Сәкен Бибосынов – Самет Гумуш (Түркия, 2024 жылғы Еуропа чемпионы). Ширек финалда Рио Олимпиадасының  чемпионы Хасанбай Дусматовпен (Өзбекстан) жолығуы мүмкін.

57 келі. 17 боксшы

1/8 финал, Махмұд Сабырхан – Хосе Гуелес Бротонс (Испания, 2023 жылғы Еуропа ойындарының күміс жүлдегері). Ширек финалда әлем чемпионы Абдумалик Халоковпен (Өзбекстан) жұдырықтасуы мүмкін.

63,5 келі. 22 қатысушы

1/16 финал, Мұхамедсабыр Базарбайұлы - Ойер Ибарче (Испания). Келесі айналымда бұл жұптың жеңімпазы Тайпей өкілі Лай Чу Енмен кездеседі.

71 келі. 20 қатысушы

1/16 финал, Асланбек Шымбергенов – Зейад Ишаиш (2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері). Келесі кезеңде бұл жұптың жеңімпазы әлем чемпионы Севон Оказавамен (Жапония) жолығады.

80 келі. 18 қатысушы

1/8 финал, Нұрбек Оралбай – Каллум Петерс

92 келі. 16 қатысушы

1/8 финал, Айбек Оралбай - Олейтен Олаор

Ширек финалда 2 дүркін Олимпиада чемпионы Хулио Ла Круз (Куба) немесе әлем чемпионы Альфонсо Домингезбен (Әзербайжан) жолығуы мүмкін.

+92 келі. 16 қатысушы.

1/8 финал, Қамшыбек Қоңқабаев – Аюб Джадфа (2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері).

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес