03.10.2024 | 20:44

АСТАНАДА DENIS TEN MEMORAL CHALLENGE SERIES  БАСТАЛДЫ

Бүгін Астана қаласындағы «Барыс-Арена» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан V Денис Тен мемориалы басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Турнир Халықаралық конькишілер одағының (ISU) Challenge санатына кіреді. Демек, биыл 25 мемлекеттен жиналған 115 таңдаулы спортшы жекелей сында (ерлер, әйелдер) және мұзда билеуден үздіктерді анықтап, ISU рейтингінің ұпайлары үшін таласады.

ЖАРЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

3 қазан 12:00-14:05 жасөспірімдер (қыздар) қысқа бағдарлама

14:20-15:30, жасөспірімдер (ұлдар) қысқа бағдарлама

15:45-18:30 әйелдер, қысқа бағдарлама

18:45-20:35 ерлер, қысқа бағдарлама;

4 қазан 11:00-14:00 мұздағы би, ритм би

14:15-16:30 жасөспірімдер (қыздар) еркін бағдарламасы

16:45-20:00 әйелдер еркін бағдарламасы

20:15-20:45 жеңімпаз, жүлдегерлерді марапаттау

5 қазан 9:30-10:45 жасөспірімдер (ұлдар) еркін бағдарламасы

11:00-13:10 ерлер еркін бағдарламасы

13:25-17:15 мұздағы би, еркін бағдарлама

17:25-17:45 жеңімпаз, жүлдегерлерді марапаттау

19:30 показательные выступления

6 қазан - спортшылар қайтатын күн

Еске сала кетейік, былтырғы турнирде 24 елден 80 спортшы бақ сынаған.

Біздің анықтама:

ISU Challenger Series турнирлері 2014 жылдан бастап қыркүйектен желтоқсанға дейін өтеді. Жыл сайын ISU, яғни Халықаралық конькишілер одағы сериядағы жарыстардың тізімін қайта бекітіп отырады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес