27.05.2023 | 15:09

Астанада джиу-джитсудан халықаралық турнир басталды

Бүгін елордадағы Beeline Arena ұлттық теннис орталығында джиу-джитсудан AJP Tour Astana Regional Jiu-Jitsu Championship xалықаралық турнирі басталды.

Жарысқа 10 елден (Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Оңтүстік Корея, АҚШ, Бразилия, Өзбекстан, БАӘ) 700-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Олар джиу-джитсудың 2  бағыты: не-ваза және файтинг бойынша бақ сынайды. Бүгін, бәсекенің 1-күні 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер күш сынасты. Ертең 16 жастан асқан қатысушылар арасында өткізіледі. Басталуы сағат 10:00-де.

Айта кетейік, турнир AJP ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері бойынша ұйымдастырылды. Дода еліміздің спортшыларына әлемдік тәжірибе алуларына үлкен мүмкіндік береді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес