26.09.2022 | invalid

Астанада эстетикалық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

1-2 қазан аралығында Aspan спорт кешенінде (Е-697 көшесі) эстетикалық гимнастикадан ел чемпионаты өтеді. Жарысқа Маңғыстау облысы және Алматы, Шымкент, Астана қаласының 160-тан астам спортшысы қатысады. Атап айтқанда 21 команда үш жас санатында сынға түседі. Олар: 12-14 жас, 14-16 жас (жасөспірімдер) және 16 жастан жоғары гимнастар.

Барлық жанкүйер үшін жарысқа кіру тегін. Жеңімпаздар 24-28 қараша аралығында өтетін Австрияның Грац қаласында өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды. Чемпионаттың ашылу салтанаты 1 қазан, сағат 11.00-ге жоспарланған. Айта кетейік, чемпионаттың  бас төрешісі – Қазақстан эстетикалық гимнастика федерациясының президенті Мадина Бектұрғанова.

Біздің анықтама:

Эстетикалық гимнастиканың көркем гимнастикадан айырмашылығы: алғашқысында гимнастар арнайы (доп, ұршық, лента мен шығыршық) құралсыз өнер көрсетеді. Сондай-ақ Эстетикалық гимнастикада жекелей емес, тек топтық жарыс болады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес