08.11.2022 | invalid
Бөлісу:
Қазақстандық гимнастар Әлем Кубогында 2 жүлде жеңіп алды
Эстетикалық гимнастикадан Қазақстан құрамасы Малайзияда аяқталған Әлем Кубогында 2 қола жүлдеге қол жеткізді. Осы тұста бұл додада 2 бағдарламада жеңімпаз бен жүлдегер анықталғанын, біздің гимнастар екеуінде де үздіктер қатарынан көрінгенін айта кеткен жөн.
«Кербез» командасы 16 жастан асқан әйелдер арасында үздік үштікті түйіндеді. Команда сапында Томирис Нұрқасымова, Адель Омарова, Анна Клишина, Элика Мельниченко, Самира Смақова, Алёна Клишина, Елизавета Булатова өнер көрсетті. Бапкерлері – Заира Жақыпова мен Алуа Қабдыжалелова.
Ал 14-16 жас аралығындағы сайыста Sunrise командасы қола жүлдегер атанды. Сапында Амина Бейганова, Томирис Болат, Алтынай Нүркенқызы, Амиля Құнанбаева, Анель Нұрсұлтан, Айлин Мақсұтова, Аделия Тұрсынқожа бар. Бапкерлері – Жаннет Жабоева мен Мадина Муталиева.
Қазір біздің гимнастар жылдың аяғында Аустрияда өтетін Әлем чемпионатына дайындықты бастап кетті.
Біздің анықтама:
Эстетикалық гимнастиканың көркем гимнастикадан айырмашылығы: алғашқысында гимнастар арнайы (доп, ұршық, лента мен шығыршық) құралсыз өнер көрсетеді. Сондай-ақ Эстетикалық гимнастикада жекелей емес, тек топтық жарыс болады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: